Португалиялық футболшы тізесін емдете алмады, енді тәуекелге барғысы келмейді, деп хабарлайды Teinteresa.es.

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштину Роналду «Севильяға» қарсы Суперкубокта ойнамауы мүмкін. Мұның себебі – емін таба алмай жүрген жарақаты. «Корольдік клубтың» көшбасшысы командаға 26 шілдеде АҚШ-та қосылады.

Естеріңізге сала кетсек, «Реал» мен «Севилья» арасындағы матч 12 тамызда «Кардифф Сити» аренасында болады.