Ақтөбедегі Орталық стадионның директоры Қажымұқан Демеуов «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасының матчына жасалған билеттердің сатылымына көңілі толмаған фанаттық сектордың шуы туралы пікірін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Чемпиондар лигасының тбилисилік «Динамоға» қарсы кездесуде стадион әкімшілігі фанаттық қозғалысқа билет бөлмегені үшін ашынған болатын.

«Біз билет қалдыратындай кім олар? Біз кейде олардың түрін де танымай қаламыз. Олардың ресми тіркелуін сұрадық, сонда біз үлкендерше сөйлесер едік. Ал олар ештеңе жіберген жоқ, мені ақымақ деп ойлайды. Бірақ, шынына келгенде олай емес – біз оларға 50 билет қалдырдық. Біздің адам осымен айналысып жатыр. Біз әріптестікке дайын екенімізді айтайын, оның үстіне, көп жағдайда біз жанкүйерлерге қолдау көрсеттік – 50-30 пайыздық жеңілдік жасаймыз, кейді тіпті билеттерді тегін береміз», - деді Демеуов.