Донецктің «Шахтер» командасының алты бірдей футболшысы Украинаға барудан бас тартқан, деп мәлімдейді ktk.kz сайты.

Францияда оқу жаттығу жиынында жергілікті «Олимпикпен» жолдастық кездесу өткізген «Шахтер» өз отанына оралды.

Алайда команданың оңтүстік америкалық легионерлері Украинаға келмеді. Олар Дуглас Коста, Алеш ТЕЙ ШЕРА, Факундо Феррейра, Фред Сантус және Дентиньо. Негізгі құрамның белді ойыншыларынсыз қалған «Шахтер»Львов қаласында өз жаттығуын жалғастыруда. Ертең олар Украинаның супер кубогы жолында киевтің «Динамосына» қарсы ойнайды.