Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Олжас Абраев  Еуропа лигасында УЕФА өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Шахтер» Солигорск (Белоруссия) – «Дерри Сити» (Ирландия) арасындағы текетірестің жауапты кездесуіне УЕФА өкілі болып Олжас Абраев тағайындалды.

 Аталмыш командалар арасындағы бірінші ойын 1:0 есебімен «кеншілердің» пайдасына шешілген болатын. Жауапты ойын 24 шілде күні Солигорскте өтеді