«Атырау» клубының бас бапкері Владимир Белявский «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында өзінің қызметінен не себепті кеткені жайлы айтып берді.
- Владимир Иванов, сіз расында «Атыраудан» кеттіңіз бе?
- Иә, бүгін қызметімнен босату жөнінде шешім қабылданды.
- Себебі?
- Ең басты себебі – Анатолий Юрев үйіне қайтып кетті. Өздеріңіз білетін шығарсыздар, жақын арада ота жасатқан болатын, сол себепті қазір үйінде.
- Денсаулығы қалай?
- Денсаулығы баяу болса да жақсарып келеді. Әкім ол кісіге хабарласып, қашан жұмысына орала алатынын сұраған болатын. Алайда дәрігерлер әзірше үйінде болу керек екендігін айтты. Сондықтан ол кісі келмейді.
- Анатолий Ивановтың өзі қайта оралғысы келді ме?
- Иә, әрине.
- Түсінуімше, келісімшарт бұзылды. Ақша мәселесін қалай шештіңіздер?
- Ешкім ақша төлемейді, өзара келісім бойынша тыныш қана шештік.
- Сіз Анатолий Юревпен бірге жұмыс істейсіз бе?
- Әзірше белгісіз. Алдымен онымен сөйлесу керек. Маған да үйге қайтуға болар еді.
«Атырау» клубының бапкерлік қызметіне бұрынғы «Ақтөбенің» жаттықтырушысы Владимир Никитенко келуі мүмкін.
Комментарии