Словакияда аяқталған күрестен кадеттер арасындағы Әлем біріншілігінде қазақстандық палуан Еркебұлан Сарқытбаев қола медаль иеленді.Еркін күрестен 46 келі салмақтағы палуан Еркебұлан үшінші орын үшін өткен бәсекеде армян Наири Гарсанды 6:4 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанды.Әлем чемпионатынан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.