20-шы шілде күні «Тур де Франс» көпкүндігінің Таллар – Ним бағыты бойынша 222 шақырымға созылған он бесінші кезеңі өз мәресіне жетті.

 

Францияда өтіп жатқан «Тур де Франс» көпкүндігінің 15-ші кезеңінде «Катюша» өкілі Александр Кристофф жеңіске жетті.Екінші болып «IAM» клубының велошабандозы Хайнрих Хаусслер келген болса, үздік үштікті словакиялық Петер Саган қорытындылады.Жалпы есепте «Astana Pro Teаm» өкілі италиялық Винценцо Нибали топ бастап келеді. Екінші орында – испаниялық Алехандро Вальверде («Movistar»), үшінші сатыда – франциялық Ромен Барде («AG2R»).

 

«Тур де Франс» веложарысы15-ші кезең қорытындысы

1. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 66:49:37

2. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – +4:37

3. Ромен Барде (Франция, AG2R La Mondiale) – +4:50

4. Тибо Пино (Франция, FDJ.fr) – +5:06

5. Тиджей Ван Гардерен (США, BMC Racing) – +5:49

6. Жан-Кристоф Перо (Франция, AG2R La Mondiale) – +6:08

24. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – +39:12

29. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – +52:26

47. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – +1:33:50

76. Льюве Вестра (НидерландыAstana Pro Team) – +2:10:33

102. Андрей Гривко (УкраинаAstana Pro Team) – +2:31:53

137. Дмитрий Груздев (Казахстан, Astana Pro Team) – +3:01:56

139. Максим Иглинский (Казахстан, Astana Pro Team) – +3:02:57

147. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – +3:13:04