Шілденің 19-ы мен 20-ы күні Алматы іргесінде ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған турнир өтті.

Еліміздің ауыр атлетика шеберлері бас қосқан жарыста екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло өз өнерлерін ортаға салды. Екі жыл демалыстан кейін ел мерейін үстем еткен оғладар қайта оралды. Екі күнге созылған сайысқа 200-ден астам атлеттер өзара мықтыны анықтады. Бірінші болып жарыс жолына қыздар шықты. Үздік шыққан бойжеткендер ел намысын Азия ойындарында қорғайды. 53 келі салмақта Зульфия Чиншанлоға тең келетін спортшы болмады, 69 келіде Жазира Жаппарқұл дара шықты. Ал ерлер арасында өз салмақтарында озып шықан Арли Чонтей , Азамат Рымқұлов , Александр Ким , Кирилл Павлов, Рүстем Сыбай, Ермек Өміртай, Алмас Өтешев, Сергей Истомин, Ибрагим Берсанов ел абыройын сары құрлық додасында қорғайды. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин де Алматыдағы турнирде бақ сынаған болатын. Дарынды спортшы бұл жолы чемпиондық тұғырдан көрінбеді. 105 келі салмақта өнер көрсеткен Илья күміс медальді қанағат тұтты. Алтын жүлде Ибрагим Берсановқа бұйырды. 22 жастағы спортшы алдымен жұлқа көтеруден Қазақстан рекордын жаңартып қоссайыста 429 келіні еңсерді. Анатолия Храпатый атындағы турнирден соң Қазақстан құрамасының бас бапкері ауыр атлетикадан Инчхонда өтетін Азия ойындарына баратын спортшыларды атады. Кореяға әйелдер құрамасынан: Маргарита Елисеева, Зульфия Чиншанло, Сәуле Сәдуақасова, Карина Горичева, Жазира Жаппарқұлова, Анна Нұрмұхамбетова және Мария Грабовецкая. Еске сала кетсек, Инчхондағы Азия ойындары қыркүйектің 19-і мен қазан айының 4-і аралығында өтеді. Қазақстан құрамасына үш «алтын» алу тапсырмасы қойылып отыр.