Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман «Қазақстанда жиіркенішті чемпионат»деген Сергей Давыдовқа жауап қайтарды.

«Қазақстанға клубты көтеру үшін емес, көңіл көтеретін орындарда уақыт өткізу үшін келетін Давыдов секілділер үшін ғана жиіркенішті чемпионат.

«Ақтөбенің» шабуылшысы Қазақстанда өткізген маусымның екінші жартысында спорттық тәртіпті бұзып, жөндеп ойнаған да, жаттығу жасаған да жоқ.

Барлық легионерлер біздің чемпионат пен оның дамуына көңілі толады, ал Давыдов секілділер сәтсіздіктері үшін өздерін кінәласын.

Давыдовтың былтырғы маусымдағы «Ақтөбенің» чемпиондығына қосқан үлесін көрмей тұрмын. Ол құрамға да әрқашан түсе бермейтін.

Қазақстан – тамаша ел, біздің Отанымыз және оны осындай пікірлерден қорғауымыз қажет», - деп жазды Михаил Гурман  Twitter желісіндегі парақшасында.