Ерікін күрес балуаны Мұхамбет Қуатбек кадеттар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды, деп мәлімдейді күрес федерациясының ресми сайты.

58 келі салмақта біздің спортшы венгриялық балуанды 10:0, Молдовия өкілін 9:4 есебімен жеңді.  1/4 финалда әзірбайжандық спортшыға 5:10 есебімен есе жіберді. Сосын армениялық спортшыны 12:6 және түрік балуанын 7:6 есебімен тізе бүктіріп, жарыс жүлдегерлерінің қатарынан көрінді.