Қазақстандық теннисшілердің алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болды.

Недовесов бірінші кездесуін голландиялық Робин Хаасқа қарсы өткізсе, ал Голубев «квалифаердің» бірімен кездеседі.

Гштаадтағы дода 21-ші мен 27-ші шілде аралығында өтеді. Жүлде қоры 426 мың долларды құрайды.