Гамбург додасының жартылай финалында Давид Феррер неміс Александр Зверевті тізе бүктірді.
 
Бар болғаны 56 минутқа созылған кездесуде Ферер қарсыласын - 6:0, 6:1 есебімен тас-талқан етті.
 
Енді Феррер Гамбург додасының финалында аргентиналық Леонардо Майермен күш сынасады.