Осы сейсенбіде Бразилия құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі жарияланады. Бұл туралы шетелдік басылымдар хабарлауда.

Дереккөзге сүйенсек, пентакампеондарды қайтадан Дунга жаттықтырады. Алайда бұл міндетке бірнеше кандидаттар бар: Тите («Коринтианс»), Муриси Рамальо («Сан-Паулу») және бразилиялық құраманың 1998-2000 жылғы бапкері Вандерлей Лушемберго.

Бейсенбіде Бразилия футбол федерациясы Жилмар Риналдиді ұлттық құраманың барлық деңгейіндегі негізгі координатор етіп тағайындады. «Қазір ең маңыздысы – не қалайтынымызды анықтап, қажетті адамды таңдап алу.  Қазір үзіліс керектігін мойындауымыз қажет», - деді Риналди.

Естеріңізге сала кетсек, Бразилия құрамасының бұрынғы бас бапкері Луис Филипе Сколари команда әлем чемпионатында төртінші орын алған соң, орнынан кетті.