«Атлантас» қақпасынан саңлау таба алмаған «Шахтердің» шабуылшысы Михрет Топчагич келесі матчта қасыласынан айласын асыра алатындарына сенімді.
– Есепке көңіліміз толады. Әрине, «Атлантастың» да, біздің де көзге түсетін мүмкіндіктеріміз болды, бірақ оны қос команда да пайдалана алмады. Келесі матчты өз алаңымызда өткізетін болғандықтан, бұл нәтиже бізге қолайлы.
– Матч қиын болды ма?
– Жоқ, қатты қиын болмады. Ойын тартысты өтпеді. Мен өзімнің мүмкіндіктерімді пайдалана алмадым. Әрине, қашан да гол сала бере алмайсың, бірақ мен осындай мақсат қоямын.
– Демек, келесі матчта Сіз гол соғасыз ғой?
– Тырысамын, бірақ ең маңыздысы – команданың ұтуы, ал кімнің гол салғаны маңызды емес.
Комментарии