«PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында «Қайраттың» бас директоры Малик Күшалиев Еуропа лигасындағы «Қайрат» - «Эсьберг» матчының тікелей эфирден неге көрсетілмегені туралы айтты.

«Қайраттың» футбол алаңындағы табысы «халық командасына» бұрын болмаған танымалдықты алып келді. Өз алаңымыздағы ойындарға келетін жанкүйерлердің санынан көрініп тұр. Біздің команданы жанкүйерлері Алматыда ғана емес, кейде олар сүйікті командасының ойындарын жазба арқылы көруге мәжбүр. Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» - «Эсьберг» матчының тікелей эфирден көрсетілмеуі үлкен дауды тудырды. «Хабар» телеарнасы өкілдерінің мәлімдегеніне қарамастан, көбі «Қайрат» футбол клубын кінәлі деп тапты. Біз бұл жағдайдың анық-қанығын алматылық клубтың басшылығынан, бас директор Малик Күшалиевтен, сұрадық.

 – Малик Болатұлы, «Эсьберге» қарсы өз алаңыңыздағы матчтың трансляциясы туралы айтыңызшы.

 – «Хабар» арнасымен бірнеше себеп бойынша жұмыс жасаймыз, ашығын айтар болсақ, әріптестігімізге көңілім толады. Матчты трансляциялауды басқа біреуге бермейтінімізді ұмытпаған жөн. «Хабар» «Эсьбергке» қарсы сырт алаңда да трансляциялауды ұйымдастыруға міндетті. Бұл біз үшін және жанкүйерлер үшін керемет жаңалық, себебі ойынды жақсы сапада көре аламыз.

«Эсьбергке» қарсы өз алаңымыздағы ойынға тоқталсақ, барлығыны анық түсінікті деп ойлаймын. Клубымыз тікелей трансляуияның болғанын қалады, себебі «Қайраттың» әр жанкүйері негізгі уақытта сүйікті командасының ойынын көре алуы қажет. Сондықтан біз «Қайрат-ТВ» жобасын бастадық. «Эсьбергке» қарсы матч бір себептерге байланысты көрсетілмеді – ойынның басталатын уақыты жаңалықтар шығарылымымен бір уақытқа келген, телеарна оны ауыстыра алмайды. «Хабар» өкілдері БАҚ-қа анық хабарлады, сондықтан біреулердің неліктен «Қайратты» кінәлап жүргенін түсінбе алмадым. Біз жау емеспіз, бәрінің стадионға келе алмайтынын түсінеміз. Трибунадағы көрермендерді желіктіру үшін түрлі акциялар ұйымдастырамыз, сандардың көрсеткеніндей, бұл өз пайда алып келді.

 – Неге онда матч бас уақытқа ауыстырылмады?

 – Бұл жқмыс күні, сондықтан ерте бастауға болмайды – жұмысынан келе алмай қалатын бірнеше көрерменнімізді жоғалтып алатын ек. Ал одан кешірек өткізуге келетін болсақ, былтырғы маусымда-ақ көбісі бұлай жасамағанын өтінді, себебі бәрі жеке автоға ие емес, аудандағы автобустар тоғызға таман тоқтайды. Түрлі аудандарға таксимен бару тиімсіз. Оның үстіне, келесі күн де жұмыс уақыты, ерте тұру керек. Барлығына қолайлы болуы үшін біз жанкүйерлер мен футболшыларды ойлауымыз қажет. Сондықтан матч 20:00-де басталды.

 – Сіз себебін айтпадыңыз, «Қайрат» клубы неге трансляциялау құқығын «Хабарға» берді?

 – Біріншіден, ол рейтингі жоғары республикалық телеарна. Екіншіден, «Хабарда» тәжірибесі мол тамаша кәсіпқой мамандар жұмыс жасайды. KAZsport бізге хабарласпады да, олар клубтарды өзара бөлісіп алғанға ұқсайды. «ФФК-ТВ-мен» де таңдаулар болды, бірақ ол басқа деңгей екенін өзіңіз де түсінетін шығарсыз. Оның үстіне, «ФФК-ТВ» өкілдері белгілі мөлшердегі сома ақша бергенімізді қалады, біз бұған бірден қарсы болдық. Себебі құқықты сатуға немесе сырт алаңды трансляциялауды ұйымдастыруға алмастырғымыз келді. Нәтижесінде, «Хабармен» келісім жасастық.

 – Сырт алаңдағы «Кукесиге» қарсы кездесу ше? Оны «Хабар» трансляцияламады ғой.

 – Біз хат жібергенбіз, «Хабардың» өзі албаниялық телеарналарға хабарласты, бірақ олар біздің сигналды да, жауапты сигналды да қабылдап алуға қызықпады. Осыған байланысты, телетрансляцияны ұйымдастыруға мүмкіндігіміз болмады, сондықтан өзіміздің ресми сайтымызда трансляция жасау үшін «Қайраттың» баспасөз қызметінен топ жібердік. Бұл оңай болған жоқ, бірақ жігіттердің қолынан келді. Иә, сигнал кейде нашар болды, бірақ трансляцияны 20 000-нан астам адам қарады. Көрермендері бірнеше есе аз «ФФК-ТВмен» салыстырыңызшы. Әрине, кейде трансляция тоқтап қалды. Суреттің сапасы мен дауысы да керемет болмады, бірақ бұл жерде әңгіме стадионның мүмкіндігі мен қабылдап алған жақтың қойған талабында болып тұр. Біздің жігіттер ғаламторды қиындықпен алды, тіпті «Кукесидің» басшылығына дейін барды!

Қанша дегенмен, бұл біздің бірінші тәжірибеміз, қалаған сапамызға қол жеткізе алмасақ та, жанкүйеріміздің көбі матчты көре алды. Бұл жолды біз қазақстандық клубтар арасында бірінші боп бастадық – ешкім бұған дейін мұндайды жасамаған!

 – «Эсьбергке» қарсы қарымта матч тікелей эфирден көрсетіле ме?

 – Иә, «Хабар» осы міндетті өз мойнына алды.

 

Естеріңізге сала кетсек,Еуропа лигасы аясындағы екінші іріктеу кезеңнің алғашқы матчында «Қайрат» даниялық «Эсьбергпен» тең түсті (1:1). Қарымта кездесу 24 шілдеде Эсьбергте өтеді.