Мюнхеннің «Бавария» клубының 30 жастағы қорғаушысы Филипп Лам Германия ұлттық құрамасындағы карьерасын аяқтады.

Лам Бразилияда өткен Әлем чемпионатынан кейін осындай шешімге келіп отыр. Бұл ақпаратты Филипп Ламның ресми өкілі Роман Гриллда растады. 

Филипп Лам ұлттық құрамаға 2004 жылы шақырылған болатын. Лам 10 жылдың ішінде әлемнің қола (2006), күміс (2010) сондай-ақ Еуропаның күміс (2008) және қола (2012) медалдарын иемденген. Енді бұл медальдардың жанына Әлем чемпионының алтыны қосылды.