Грузия футбол федерациясы израильдік клубтарға еурокубоктағы өз алаңындағы матчтарды Михаил Месхи атындағы стадионда өткізуге ұсыныс жасады.

Бұл туралы ГФФ-ның ресми сайтында хабарланды.

17 шілдеде УЕФА келеңсіз жағдайларға байланысты Израиль аймағында матч өткізуге тыйым салды. Бұл шешім төтенше жағдайлар тобының отырысында қабылданды. Осыған байланысты израильдік клубтар Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын өткізу үшін шет елден альтернативті стадиондарды ұсынуын өтінді.

«ГФФ Израиль футбол қауымдастығына өз ойындарын Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы «Локомотив» стадионында өткізуге ұсыныс жасайды», делінген грузиялықтардың хабарламасында.