«Шахтердің» қорғаушысы Ян Масло «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында Алдин Джидичтің дисквалификация туралы айтып, сонымен қатар, «Атлантасқа» қарсы кездесудің нәтижесіне баға берді.
– Ойын өте қиын болды – көп күреске толы. Ең маңыздысы, гол жіберген жоқпыз. Енді келесі ойынға жақсы дайындалуымыз қажет.
– Не нәрсе қолдарыңыздан келмеді?
– Гол соғу. Қарағандыдан гол салып, келесі айналымға өтеміз деп ойлаймын.
– «Атлантас» таңқалдыра алды ма?
– Жоқ. Біз толығымен дайын болдық, себебі қарсыласымызды зерттедік.
– Сізге қорғаушы ретінде қиын болмады ма?
– Екінші қабатта көп күрес болды. Бәрі қолымыздан келді деп ойлаймын.
– Джидичтің жазаланғанын көрдіңіз бе?
– Әрине, көрдім. Алдин – командаға қашан да көмектесе алатын тәжірибелі футболшы. Келесі ойында оның орны ойсырап тұрады.
Комментарии