Неміс теннисшісі Филипп Кольшрайбер Гамбургтегі доданың соңғы жартылай финалисі атанды.
 
Жартылай финалда Кольшрайбер чехиялық теннисші Лукаш Росолды екі сетте жеңді. Қорытынды есеп  – 6:4, 6:4.  Кездесу бір сағат 18 минутқа созылды.
 
Жартылай финалда Филипп пен аргентиналық теннисші Леонардо Майер финал жолдамасын сарапқа салады.