17-жастағы германиялық теннисші Александр Зверев отандасы Тобиас Камкені тізе бүктірді.

2 сағат, 6 минутқа созылған матч 0:6, 7:5, 6:3 есебімен аяқталды. Осы айда олар екінші рет кездесуде және алда Александр – 2:0.

Жартылай финалда Зверев Давид Феррер (Испания) – Пабло Андухар (Испания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.