Владимир Вайсс шәкірттері Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады.

Оңтүстік астаналықтар келесі кезеңде польшалық «Рух» немесе лихтейнштейндік «Вадуцпен» кездесуі мүмкін. Ол үшін «Қайраттың» даниялық «Эсьбергтен» айналып өтуі қажет. Алматыда өткен алғашқы матч нәтижелі тең есеппен аяқталды. Алдымен Йосип Кнежевич алматылықтарды алға шығарды, даниялық команда ойын аяқталар тұста таразы басын теңестіре алды.

Алматылықтардың болашақ қарсыластары кездесуінде польшалықтар жеңіске жетті – 3:2.

Үшінші іріктеу кезеңінің матчтары 31 шілде мен 7 тамызда өтеді.