Елордалық «Астананың» үшінші іріктеу кезеңінде қарсылас болуы мүмкін командалары белгілі болды.

Станимир Стойлов шәкірттері солтүстік ирландиялық «Линфилд» немесе швециялық АИК-пен кездеседі. Израильдік «Хапоэльді» артта қалдырар болса, «Астана» келесі кезеңді өз алаңында бастайды.

Үшінші іріктеу кезеңінің матчтары 31 шілде мен 7 тамызда өтеді.