19-24 тамыз арасында 8 құрама Алматыда су добынан әлемдік кубокты сарапқа салады.

Дода RakhatFitness спорт кешенінде өтеді. Қазақстан құрамасы «Б» тобында ойнайды.

Турнир қатысушылары төмендегідей топта жайғасты:

«А» тобы: ОАР, АҚШ, Черногория, Сербия;

«Б» тобы: Хорватия, Қазақстан, Аустралия, Венгрия.

 

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

19 тамыз 17:40 – Қазақстан – Аустралия;

20 тамыз 17:40 – Қазақстан - Венгрия;

21 тамыз 17:40 – Қазақстан – Хорватия.

Өз тобында бірінші және екінші орындарды еншілеген командалар ширекфиналда келесі топта үшінші, төртінші орын апған құрамаларымен кездеседі.