Қытайлық Тайпейде өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі қыздар арасында волейболдан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матчында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны жеңді.

Қазақстандық қыздар үш партияда сенімді жеңіске жетті – 25:19, 25:22, 25:10.

ҚазақстанЖаңа Зеландия 3:0 (25:19, 25:22, 25:10)

ҚазақстанПопова (13 ұпай), Надыршина (11), Губайдуллина (9), Бортницкая (7), Қорғашева (5), Сәрсенбаева (4).

Бірінші ойында қазақстандықтар үш сетте қытайлық қарсыластарына жол берді – 13:25, 8:25, 7:25.