Еурокубоктардың іріктеу кезеңінің  қорытындысы бойынша Қазақстан УЕФА рейтингісінде 2 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық клубтар 2.125 ұпай жинады. Соның арқасында рейтингте еліміз Грузия мен Молдовияны артқа тастап, Венгрия, Әзірбайжан мен Словакиямен қатарласып 32-ші сатыға орналасты.