Қарағандылық «Шахтер» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында литвалық «Атлантаспен» тең түсті. 

Кездесу баяу басталды. Дегенменде, Виктор Кумыковтың шәкірттері есепті ашуға жақын болды. Кеншілердің капитаны Андрей Финонченконың соққысы қақпадан биік кетті. Артынша, Топчагич баспен соққы бағыттаған, Галдикас қауіп бетін сәтті қайтарды. Бірінші таймда гол соғылмады. 

Үзілістен кейін, алаң қожайындары алға ұмтылды. Оңтайлы сәттердің бірінде литвалық футболшы Мокин қорғаған қақпаның бағанасына тиді. Содан соң, Финонченко бос тұрған қақпаны дәл көздей алмады. Осылайша, тартысқа толы кездесу тең есеппен аяқталды - 0:0. 

 

Еуропа Лигасы. Екінші іріктеу кезең. Бірінші ойын. 

«Атлантас» – «Шахтер» 0:0 (0:0)

«Шахтер»: Мокин, Вичюс, Топчагич (Мурзоев, 85), Қонысбаев (Саломов, 91), Финонченко (Мұртазаев, 92), Покривач, Джидич, Малый, Масло, Киров, Симчевич

«Атлантас»: Галдикас, Барткус, Казлаускас, Папшиш, Елесиос (Максимов, 81), Джокас, Гнедоус, Джемелинс, Казлаускас, Крунаускас (Баранаускас, 71)

Төрешілер: Огнен Валич, Харис Бакович, Далибор Драшкович. (барлығы – Босния)

Ескерту алғандар: Элиошюс 43 - Покривач 60, Масло 70

17-ші шілде 2014. Клайпеда, Литва. Орталық стадион.