Алматы қаласындағы Орталық стадионның конференц-залында УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің аясында өтетін «Қайрат» - «Эсбьерг» кездесуінің қарсаңында ойын алдындағы баспасөз-мәслихаты болып өтті. Қонақтар тарапынан тілшілер сұрағына бас бапкер Нильс Фредериксен мен команда капитаны Хенрик Андреасен жауап берді.

«Эсбьерг» командасының бас бапкері Нильс Фредериксен:

- Бүгін таңертең Алматы қаласына келдік, сосын қонақүйге барып сәл тынығып, жүрек жалғап алдық. Сәлден соң жаттығу жұмыстарына барамыз. Біздің команда жақсы бабында деп айта аламын. Алдағы матчқа жақсы дайын және тағатсыздана күтуде. Жарақатына байланыста қатыспайтын ойыншылар бар, бірақ бүгін ойыға қатысатын әрбір футболшы барын салады.

«Қайрат» командасы сапында бірнеше қауіпті ойыншылар бар. Бірінші кезекте сол қапталдағы жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан мен орталық шабуылшы Жерар Гоуды ерекше назарда ұстаймыз. Тағы да екі мықты орталық қорғаушы бар, оның бірі – Бакаев.

 

 

«Эсбьерг» командасының капитаны Ханс Хенрик Андреасен:

- Біріншіден, Алматы қаласы Данияға қарағанда ыстығырақ. Матчты күтіп ауа-райы бізге қалай әсер ететінін көрейік. Қала ішімен серуендеп келдік, Алматы ұнады. Дания астанасы – Копенгаген қаласы Алматыға қарағанда әлдеқайда кіші. 

 

 

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ойын 17-шілде күні Алматы қаласының Орталық стадионында болады. Басталуы – 20:00-де. Қарымта ойын 24-ші шілде күні Дания елінде өтеді.

 

Ақпарат клубтың ресми сайтынан алынды.