Футболдан Қазақстан премьер-лигасының ең қымбат ойыншысы Ренан Брессан «Астанадан» ешқайда кеткен жоқ, деп хабарлайды «PROСПОРТ Қазақстан».

«Брессанмен келісімшарт бұзылған жоқ. Ол әлі де елордалық команданың ойыншысы. Тек қана оны тізімнен алып тастадық, оның орнына Стефан Эссаме мен Патрик Твумасиді енгіздік. Ренан негізгі құрамға іліне алмағандықтан оны қосалқы құрамға ауыстырды», - деді «Астананың» баспасөз-қызметкері Дмитрий Нестеренко.  

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында қазақстандық БАҚ-дары Беларусь футболшысы «Астанамен» келісімшартты бұзды деп хабарлаған болатын.