Португалдық «Бенфиканың» қақпашысы Ян Облак Испания чемпионы «Атлетиконың» сапына ауысты. 

Бұл туралы мадридтік клубтың ресми сайты хабарлайды. Осылайша, словениялық қақпашы «Челсиге» қайта оралған Тибо Куртуаның орнын алмастырады. 

БАҚ-дары мәлімдеуінше, жаңа ойыншының трансферлік құны - 16 млн еуроны құрады. Облакпен келісімшарт алты жылға жасалды.