«Атлантас» клубының бас бапкері Константин Сарсания Ұлттық құрама тізгінін ұстаған Юрий Красножанның жақсы нәтиже көрсететініне сенімді.

«Красножанға Қазақстан футбол Федерациясында қызмет істейтіндер көмектесу керек. Бұл жерде оның алдына қандай мақсат қойылғанын қарау қажет, егер Еуропа чемпионатына жолдама алсын деген мақсат болса білмеймін. Бірақ құрамаға жақсы ойын өрнегін қойса, онда бұл Красножанға мәселе емес», - деді Сарсания.