Теннистен Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің екінші кезеңінде қазақстандық Михаил Кукушкин жеңіліп қалды.Кукушкин 1/8 финалына шығуы үшін испаниялық Давид Феррерді жеңу керек болатын. Михаил бірінші сетті өз пайдасына шешкенімен қалған екі сетте қарсыласына жол беріп қойды. Кездесу қорытындысы 2:6, 6:3, 6:2 есебімен испаниялық теннисшінің пайдасына шешілді.