Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Швецияда әйелдер арасында өтіп жатқан «Бастад» турнирінің іріктеу кезеңінде алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.

19 жастағы Юлия алғашқы кездесуінде турнирдің 12-ші ракеткасы француздық Лаура Торпты үш сетте (2:6, 6:3, 6:0) жеңді.

Отандасымыздың келесі қарсыласы украиналық – Катерина Бондаренко. Катерина бірінші кезеңде лихтенштейндік Стефани Фогті 7:5, 6:4 есебімен жеңген болатын.