УЕФА сайтының мәліметіне сәйкес, тбилисилік «Динамоға» қарсы ойнайтын «Ақтөбе» командасы 23 ойыншысының тізімін жариялады, деп мәлімдейді kazspottv.kz сайты.

Бұл тізімге жаңадан келген украиналық шабуылшы Алексей Антонов пен қорғаушы Роберт Арзуманян да іліккен.  «Ақтөбе» командасы Чемпиондар Лигасында осы ойыншылармен ойнайды:

Қақпашылар: Станислав Павлов, Алмат Бекбаев, Андрей Сидельников; 

Қорғаушылар: Алексей Мулдаров, Петр Бадло, Роберт Примус, Роберт Арзуманян, Юрий Логвиненко, Андерсон Минейро; 

Жартылай қорғаушылар: Тарас Царикаев, Маркос Пиззелли, Марат Хайруллин, Асхат Тағыберген, Павел Шабалин, Евгений Левин, Валерий Коробкин, Дидар Жалмұқан, Тимур Кападзе; 

Шабуылшылар: Данило Неко, Игорь Зенькович, Алексей Антонов, Абат Айымбетов. 

Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» мен «Динамо» арасындағы алғашқы матч 16 шілде күні Тбилисиде өтеді. Ойынға польшалық бригада төрешілік етеді. Қарымта ойын 23 шілде күні Ақтөбе қаласында болады. Аталған екі ойынды тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді.