Естеріңізге сала кетейік, 1/2 финалға «Астана», «Ақтөбе», «Қайрат» және «Шахтер» командалары жолдама алған болатын.

 Бүгін командалар қарсыластарын білді. Қазақстан футболының ардагері Мэлс Кенетаев жүргізген жеребе тарту рәсімінің нәтижесінде жартылай финалда Алматының «Қайраты» Қарағандының «Шахтерімен» жұп құраса, «Ақтөбе» «Астанамен» текетіресетін болды. Бірінші ойын 16 тамыз күні өтсе, жауапты кездесулер 24-25 қыркүйек күндері ойналады.

 

Ақпарат футбол федерациясының ресми сайтынан алынды.