Малийлік жартылай қорғаушы Сейду Кейта спорттық мансабын италиялық «Ромада» жалғастырады, деп мәлімдейді клубтың ресми сайты.
 
Келісімшарта 1+1 жобасы бойынша жасалған және Кейта жылына 1 миллион еуро табады. «Рома» сапында 20-ші нөмермен өнер көрсетеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Сейду өткен маусымда испаниялық «Валенсияда» ойнаған.