«Сарыарқа» хоккей клубы латвиялық қос жас шабуылшыны қатарына қосты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

20-жасар Артур Кузьменков ригалық «Динамо» сапында 20 мәрте ойынға қатысып бір рет нәтижелі пас берген. Тағы да «Рига» клубының сапында 33 рет мұзайдынына шығып 35 (8+27) ұпай жинаған.

21-жасар Рустам Бегов «Динамо» сапында 35 матчқа шығып 4 (2+2) ұпай жинаған.