Сербиялық теннисші Йовановски бельгиялық Алисон ван Уйтванкты тізе бүктірді.
 
Алғашқы сетте есе жіберген Боян қалған екі сетте қарсыласын ұтты. Қорытынды есеп – 1:6, 6:4, 7:5. Кездесу 2 сағат 9 минутқа жалғасты.
 
1/8 финалда Йовановскидің қарсыласы Франческа Скьявоне (Италия) – Йованна Якшич (Сербия) жұбының жеңімпазы болады.