«Қайрат» футбол клубының капитаны Самат Смақов өзінің басты арманы - Қазақстанның әлем чемпионатына шығуы екенін айтты. 

«Футболға қатысты басты арманым – Қазақстан құрамасының Әлем немесе Еуропа чемпионатына қатысуы. Бұл менің ғана емес, барша отандастарымыздың арманы. Сондай-ақ, еліміздің аспаны ашық боп соғыстан аман болсақ деп тілеймін», - деді Смақов pandaland.kz. сайтына. 

Естеріңізге сала кетсек, жуырда ғана «Қайрат» Еуропа лигасында албандық «Кукесиді» қапы қалдырған болатын.