Астаналық «Барыс» хоккей клубы ресейлік «Сібір» командасының бұрынғы қақпашысын оқу-жаттығу жиынына шақырды. 

23 жастағы Дмитрий Ряжинов өткен маусымда мұзайдынға шықпаған. Ал 2012-2013 жылғы маусымда «Сібір» клубының екінші командасында 20 ойын өткізген.

 Ресейлік клуб бұл қақпашымен келісімшартты бұзған, деп хабарлайды Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» бұған дейін Словакия құрамасының қақпашысы Ян Лацомен келісімшарт жасасты.