Футболдан әлем чемпионатының қола медальі үшін өткен ойынында Голландиядан жеңіліс тапқан Бразилия құрамасы бас бапкерін қызметінен босатты, деп хабарлайды Globo.

Естеріңізге сала кетсек, 65-жастағы маман Селесаодың тізгінін 2012-ші жылы ұстап командасымен бірге 2013-ші жылы Конфедерация кубогын ұтып алған болатын.

Сколаридің орнына «Челсидің» бас бапкері Жозе Моуриньо келуі ықтимал.