«Тур де Франста» көшбасшылығынан айырылып қалған  «Астана» велокомандасының бас менеджері  Александр Винокуров тоғызыншы кезең туралы пікірін айтты.

«Галлопанның сол топта болғанын көрдік, бірақ сары жейдені ұстап қалу үшін команданы өлтіргіміз келмеді. Ең маңыздысы, ертеңгі кезеңге күшімізді сақтауымыз керек. Ертең Ла-Планш-де-Бель-Фийде Винченцо мен Альберто үшін маңызды финал болады. Ал мына сары жейде – Францияға сыйлық», - деді Винокуров.