Қазақстан Пермьер Лигасының 20-шы туры аясында Семей қаласында жергілікті «Спартак» елордалық «Астана» клубын қабылдады.

Алғашқы таймның соңында  Даниэл Пеев алыстан жойқын соққы жасап, матчтағы есепті ашты. 81-ші минутта Фоксидің соққысын Даниил Рихард қайтарғанымен, доп қорғаушы Горан Обрадовичтің аяғына тиіп өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша, «Астана» сырат алаңда ұпай жоғалтып, көшбасшылардың соңында қалды.

«Спартак» (Семей) – «Астана» (Астана) 1:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Пеев (42), 1:1 – Обрадович (81, автогол)