Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы ждодасында 91 келі салмақ бойынша қазақстандық Иван Дычко қарсылас шақ келтірмеді.

Ақтық кездесуде қазақстандық былғары қолғап шебері кубалық Иоранди Тоирак Ортега сенімді түрде тізе бүктірді. Жекпе-жектің екінші кезеңінде Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді. Осылайша қазақстандық боксшы Президент Кубогы жарысының үш дүркін жеңімпазы атанды. Қорытынды есеп – 29:28, 30:27, 29:28.

 

91 келіге дейін салмақ бойынша жүлделі орындар төмендегідей:

 

1. Иван Дычко (Қазақстан)

2. Иоранди Тоирак Ортега (Куба)

3. Нұржан Бекзатов (Қазақстан)

3. Қамшыбек Қонқабаев (Қазақстан)