Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы жарысында ауыр салмақ бойынша кубалық боксшы Руис Кордова Херих жеңімпаз атанды.

Еркін арал елінің былғары қолғап шебері финалда қазақстандық Антон Пинчукті қапы қалдырды. Қорытынды есеп – 27:30, 30:27, 29:28.

 

91 келіге дейін салмақ бойынша жүлделі орындар төмендегідей:

 

1. Руис Кордова Херих (Куба)

2. Антон Пинчук (Қазақстан)

3. Аксар Абдуллаев (Қазақстан)

3. Рустам Туляганов (Өзбекстан)