Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы жарысының финалында 81 келі салмақта қос қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов пен Дәурен Елеусінов  жұдырықтасты.

 

Бұл кездесуде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Ниязымбетов жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 30:27, 30:27, 30:27.

 

81 келіге дейін салмақ бойынша жүлделі орындар төмендегідей:

 

1. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан)

2. Дәурен Елеусінов (Қазақстан)

3. Рейес Плат (Куба)

3. Александр Ганзуля (Украина)