Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы додасының финалында 75 келі салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен украиналық Дмитрий Митрофанов күш сынасты.

Тартысты өткен кездесуде жеңіс тойын қазақстандық былғары қолғап шебері тойлады. Төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіс Жәнібекке берілді – 29:28, 29:28, 29:28.

 

75 келіге дейін салмақ бойынша жүлделі орындар төмендегідей:

 

1. Жәнібек Әлімханұлы  (Қазақстан)

2. Дмитрий Митрофанов (Украина)

3. Лопес Кардона (Куба)

3. Хуршидбек Норматов (Өзбекстан)