Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында жарыс көшбасшысы алматылық  «Қайратты» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

22-ші минутта кездесу тағдырын шешкен жалғыз голдын авторы Михрет Топчагич. Ұлан Қонысбаевтың оң қапталмен ұмтылыс жасап барып, қақпа маңына асырған пасын Михрет сәті пайдаланып кетті. Ал қалған қос таймда қарсыластар бір-бірінің қақпасының кілтін таба алмады. 

Осылайша «Шахтер»  маңызды ойында үш ұпай қанжығалап, үшінші сатыға көтерілді. Ал «Қайрат» болса кезекті ұпайдан айырылып, турнир кестесінде көшбасшылық орнын жоғалтып алды.

 

Қазақстан Чемпионаты. 20-шы тур.

«Шахтер» - «Қайрат» - 1:0 (1:0)

Гол: Топчагич 21

Төреші: Игорь Алешин

«Қайрат»: Хомич, Кислицын, Михалик, Гурман, Плиев, Смақов, Бақаев, Байтана, Исаэл, Л. Риера, Кнежевич

«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Масло, Малый, Киров, Финонченко, Вичюс, Покривач, Мұртазаев, Топчагич, Қонысбаев