Футболдан Солтүстік Корея құрамасы Бразилиядағы өтіп жатқан әлем чемпионында плей-офф бәсекесіне шықты, деп хабар таратты жергілікті басылымдар.

Жарияланған ақпаратқа сенер болсақ, Ұлттық құрама топтық кезеңде үш бірдей қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге шыққан. Жапония құрамасын 7:0, АҚШ құрамасын 4:0 және Қытай құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, плей-офф бәсекесінде Роналду бастаған португалия құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, шынына келер болсақ Солтүстік Корея құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмаған. Ал Португалия құрамасы топтық кезеңнен шыға алмаған.