Словакияның Снина қаласында өтетін әлем чемпионатына санаулы күндер қалды.

Еркін күрестен ел намысын қорғайтын споршылар қызу дайындық үстінде. Еліміз бойынша дүбірлі додаға еркін күрестен 10 спортшы  барады. Оның ішінде Азия чемпионы Қуатбек Мұхамед, Азия чемпионатында 2-орынды иемденген Әбдіқадыр Әбдіғапар сынды әлемдік дода жеңімпаздары бар. Қуатбек Мұхамед алда Пекин қаласында жасөспірімдер арасында болатын Олимпиадаға да қатысады. Әлемдік додаға Ақмола облысының өзінен 2 спортшы барады. Саид Үсен 63 келіде және Әнуар Нұргелді 42 келі салмақта. Бұл жолы олар әлем біріншілігінде алғаш рет бақ сынамақ.