Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының 49 келіге дейінгі салмақ бойынша жеңімпазы қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов атанды.

Ақтық кездесуде үш төрешінің екеуі 2013 жылғы әлем чемпионы жеңді деп есептеді. Кездесудің есебі – 27:30, 29:28, 30:27.

49 келіге дейінгі салмақта жүлделі орындар төмендегідей:

 

1. Біржан Жақыпов (Қазақстан)

2. Хасанбай Дусматов (Өзбекстан)

3. Жомарт Ержан (Қазақстан)

3. Расул Салиев (Ресей)